Экономика

Елордада алдағы демалыста өтетін жәрмеңкеде 45 тонна балық пен 60 тоннадан астам бал сатылады

24 қыркүйек, 21:02800
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: қала әкімдігінің сайты Дереккөз: қала әкімдігінің сайты

Қыркүйектің 28-29 күндері «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге Атырау облысының 7 ауданы мен Атырау қаласының тауар өндірушілер қатысады. Атыраулықтар астанаға жалпы сомасы 135 млн теңгені құрайтын 176,7 тонна өнім әкеледі. Оның ішінде 24 тонна ет өнімі, 35 тонна көкөніс, 6 тонна сүт өнімі, 45 тонна балық өнімі, 40 000 дана жұмыртқа және 65,7 тонна өзге өнімдер бар.

Бұған қоса, жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының 15 ауданы мен екі қаласының өндірушілері қатысады. Шығысқазақстандық кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласына 310 тонна көлемінде тауар әкеліп, сатуды көздеп отыр.

Жалпы сомасы 224,7 млн теңге болатын 15-тен аса өнім түрі сатылады. Атап айтқанда, 60 тоннадан аса бал, 15 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз, 150 тонна көлемінде ұлттық өнімдеп, пантоөнім және картоп сату жоспарланған.

"Елордалықтарға ұсынылатын азық-түлік өнімдерінің барлығы санитарлық ветиринарлық талаптарға сай келеді, тиісті құжаттарға ие», – дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңке кезінде Атырау облысының шығармашылық ұжымдарының  қатысуымен концерт өтеді. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх