Руханият

Елордада ақынның мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

28 ақпан, 17:01259

«Тұран-Астана» университетінде «Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бұл ғылыми шараға абайтанушы ғалымдар және жоғары оқу орындарының ұстаздары, магистранттар, студенттер қатысты. 

Шарада сөз сөйлеген спикерлер Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолына тоқталып, ұлы ойшылдың ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін және ұлттық сапасын көтерудегі рөліне тоқталды. Абай шығармаларындағы философиялық көзқарастар мен ұлы идеялардың адамзат руханиятындағы маңызын сөз етті. 

«Абай – ұлттық санамыздың тірегі. Университетіміз биыл өтетін ақынның 175 жылдық мерейтойына белсенді үн қосу мақсатында бір қыдыру шаралар өткізуді жоспарлаған болатын. Бүгінгі «Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» атты халықаралық шараның алтын арқауы да – Абай. Бұл шараны өткізудегі мақсат – бір жағынан 175 жылдық мерейтойдың мазмұнын байыту болса, екінші жақтан жастардың Абайды тануына, Абай шығармаларымен тереңдеп танысуына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ Абайдың ұлы ойлары арқылы өскелең ұрпақты ұлттық құндықтарды ұлықтауға баулу», - деді «Тұран-Астана» университеті әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының профессоры Гүлназ Төкенқызы. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх