Руханият

Елордада Абайдың сатиралық шығармаларына арналған әдеби кеш өтті

12 наурыз, 08:4585
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ұлттық академиялық кітапханадан Фото Ұлттық академиялық кітапханадан

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбектің «Абай ─ сатирик» атты әдеби кеш болып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш кеште елімізге танымал сатирик Көпен Әмірбек хакім Абайдың сатиралық өлеңдері мен әзіл-қалжың әңгімелерін талдады. Кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері ұлы ақынның сатиралық шығармалары туралы өз пікірлерімен де бөлісті. Сондай-ақ, жиын барысында мектеп оқушылары Абайдың сатиралық өлеңдерін оқыды.

Кеште дәстүрлі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали Абайдың әндерін орындады.

Шараға зиялы қауым өкілдері мен студентер, қала тұрғындары және кітапханашылар қатысты.

Фото Ұлттық академиялық кітапханаданФото Ұлттық академиялық кітапханадан




Наверх