Қоғам

Елордада 30 мың медициналық маска тегін таратылуда

26 наурыз, 15:5423
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚазАқпарат Дереккөз: ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Magnum Cash&Carry» бөлшек сауда желілері мен адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда тегін маска таратылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты маскамен қамтамасыз ету керектігі туралы айтқан болатын, себебі азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 30 мың медициналық маска тарату жоспарланып отыр. Акция сауда орталықтары, қоғамдық көліктердің іші сияқты қаланың адамдар көп жүретін 5 нүктесінде жүзеге асады. Адам басына 5 маскадан беріледі. Карантин режимінің мақсаты – коронавирустың таралу қаупін азайту, сол себепті карантин кезінде бәріңізді үйде отыруға шақырамыз. Қала бойынша 24/7 режимінде жұмыс істеп жатқан 200 волонтер бар. Олар «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына азық-түлік, маска таратуға, сондай-ақ Полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп, дәмхана, мейрамханалардың жұмысына рейд жасауға, тиісті органға жедел түрде хабарласып, оның жабылуына көмектесуде», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Бұл акция Алматы қаласында жалғасын табады.

Тегін маска алған қала тұрғындары осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Осы шараны ұйымдастырып жатқан азаматтарға рахмет. Қазір дәріханадан маска табу қиындап кеткен уақытта бұл тамаша көмек болды», - дейді қала тұрғыны Қобыланды Құдакелді.




Наверх