Экономика, Астанаға 20 жыл

Елордада «Астана» ХҚО-ның ресми ашылуы өтуде

05 шiлде, 12:24766

Астананың Конгресс холл орталығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімі басталды. Astana Finance Days форумының аясында ұйымдастырылған қаржы орталығының ашылу салтанатына Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян, ірі әлемдік халықаралық компаниялардың жетекшілері, сарапшылар мен ғылыми орта өкілдері қатысуда, деп хабардайды Елорда Инфо тілшісі.

Бұған дейін Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықта ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 50 компания тіркелгенін айтқан болатын. 2020 жылы олардың саны 500-ге жетеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, АХҚО-ның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі - ағылшын тілі болады.

Қаржы орталығының басты міндеті қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. 

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх