«Елорда жастары сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды 

08 желтоқсан, 17:09281
Фото авторы: Василий Крась Фото авторы: Василий Крась

Бүгін бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«Бүгін елорданың әр сала бойынша үздік жас маманы мен өз ісінің шеберін анықталып жатыр. Бұл шара биылғы "Жастар жылында" атқарылған жұмыстың қорытындысы десек те болады. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді. Мемлекет тарапынан өзін дамытамын деген жастарға түрлі мүмкіндік қарастырылып жатыр. Біздің жастарымыздың барлық сала бойынша ауыз толтырып айтатын жетістіктері жеткілікті. Мұның барлығы – еңбектің арқасы. Нұр-Сұлтан – жастардың қаласы, армандар орындалатын қала. Бүгінде біздің астанамызды әлем таниды, елордамыздың дамуына жастардың қосқан үлесі зор», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Фото авторы: Василий КрасьФото авторы: Василий Крась

Қыркүйекте басталған байқауға 1 мыңға жуық өтінім келіп түскен. 

«Байқау номинаттарына қойылған алғашқы талап, ол – жас ерекшелігі, яғни үміткерлерге 14 пен 29 жас аралығында болуы міндеттелді. Екінші кезеңде үміткердің өз саласы бойынша жыл бойы жасаған жұмыстары мен жетістіктері есепке алынып, олар арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберілді. Комиссияның құрамында 15 саланың білікті мамандары болды. Аталған комиссия 15 номинация бойынша 3-тен 5-ке дейін үміткерді таңдап алды. Одан соң онлайн дауыс беру кезеңі басталды. Ал бүгін ақтық сында ең көп дауыс жинаған жеңімпаздар анықталады», – деді қалалық әкімдіктің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков. 

«Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауының жеңімпаздары: 

Фото авторы: Василий КрасьФото авторы: Василий Крась

1. Эстрада – Мирас Жүгінісов; 

 

2. Ғылым – Қуаныш Ерсаханов; 

3. Журналистика – Риза Данияр; 

4. Кино және театр – Самат Әзімқұлов; 

5. Ұлттық өнер – Әсел Әлібекова; 

6. Спорт – Мадияр Мусаифов; 

7. Мемлекеттік қызметкер – Таңшолпан Ерманова; 

8. Әлеуметтік саланың үздік қызметкері – Жүнісәлиевтер отбасы; 

9. Қоғамдық қызмет – Асылбек Әбдурашитов; 

10. Өндірістің үздік қызметкері – Сабина Отарова; 

11. Заманауи шығармашылық өнер – Ақбота Тоқтасынова; 

12. Үздік студент – Абдрауф Орал; 

13. Үздік жастар театры – «Шаңырақ» театры; 

14. Жас кәсіпкер – Айгерім Бапанова; 

15 Жыл волонтеры – Мирас Мұрат.




Наверх