Қоғам

Елорда әкімі түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмыстарын тексерді

24 қаңтар, 00:39399
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың коммуналдық қызметінің түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысын тағы да тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісінде жариялады. 

"Жұмыс уақыты аяқталған соң әріптестеріммен бірге бірнеше сағат бойы қала көшелері мен шеткері ауылдардағы қардан тазарту жұмыстарды қарап қайттық. Табиғат тосын мінез көрсетіп коммуналдық қызмет жұмысшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бүгін түнгі ауысымда 1 126 техника мен 200-ге жуық жұмысшы қардан тазартып жүр. Осы уақытқа дейін барлығы 2 196 509 текше метр қар шығарылды. 183 042 рейс жасалған", – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram желісінде. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Оның сөзінше, шеткері аумақтарды қардан тазартуға дәл қазір қосымша техника қажет.

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

"Бұл мақсатта құрылыс және жол компанияларының қосымша техникалары жұмысқа тартылады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, табиғи құбылыстың салдарын бірге еңсереміз", – деді ол. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram




Наверх