Экономика

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы азық-түлік қорын тексерді

21 наурыз, 22:0234
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың көтерме-тарату орталықтары мен супермаркеттерінде болды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоймалардағы азық-түлік қоры жеткілікті көлемде. Өнім қатары үздіксіз толықтырылады. Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі бақылауда екенін атап өтті. 

Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

"Қалада карантин жарияланды. 22 наурыз күні сағат 00-ден бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Бірақ бұл қалаға азық-түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі келтірмейді. "Жасыл дәліз" жүйесі жұмыс істейді. Тауарға ілеспе құжаттар, жеке куәлік, техпаспорт сияқты құжаттар болуы тиіс. Кез-келген алыпсатарлық пен құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмаймыз. Елордаға азық-түлік тауарларын жеткізу әрдайым үйлесімді ұйымдастырылуы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры құрылып, "Magnum", "Астықжан", "Кенмарт", "Small", "Шапағат", "Евразия", "Артем", "Биг Шанхай" базарларын жеңілдікпен несиелендіру бойынша үлкен жұмыс атқардық. Наубайханаларға қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Алтай Көлгінов. 

Сонымен қатар елорданың бірқатар супермаркеттері атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын береді. Кепілді әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан астам баланы қамтиды.




Наверх