Қоғам

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 88 адамға жетті

26 наурыз, 08:3894
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыздағы 08.25 сағаттағы жағдай бойынша тағы 2 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.




Наверх