Экономика

Елімізде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі өсті

16 шiлде, 10:49274
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 16,7%-ға артты, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Тоқыма бұйымдарының нақты көлем индексі (НКИ) 120,5%-ті, киім – 108,4%-ды, былғары және оған қатысты өнімдер - 97,2%-ды құрады. Мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім өндірісін ұлғайту есебінен тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінде өсу байқалады. Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде аяқ-киім өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен құлдырау байқалады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Жалпы, қазақстандық өндірушілер бұрынғысынша қорғаныстық тапсырыс пен арнайы киімдер нарығын сақтауға тырысады, себебі олар өндірушілерге кепілді сату және талап етілмеген өнімнің ең аз тәуекелін қамтамасыз етеді.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері бойынша Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру шеңберінде 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Тұтастай алғанда, жол картасымен жүйелік проблемаларды шешуді қамтитын және қосылған құнның толыққанды тізбегін құруға және өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған 50-ден астам іс-шараларды іске асыру көзделген.

Сондай-ақ, аталған салаларда озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту бойынша шаралар көзделеді.

2019 жылы жалпы инвестиция сомасы 5 млрд теңгеге 4 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх