Қоғам

Елімізде 26 мыңнан астам дәрігерге үстемақы төленетін болады – Біртанов

30 наурыз, 19:4098
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде қанша дәрігер қосымша үстемақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгін төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияда өте маңызды шешім қабылданды. Коронавирус инфекциясын тоқтату және жою бойынша шараларға қатысып отырған медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау туралы шешім қабылданды. Жалпы 26 мыңнан астам медициналық қызметкерлер қосымша қаржылай көмек алатын болады», - дейді министр.

 




Наверх