Қоғам

Елжан Біртанов iKOMEK орталығының жұмысымен танысты

17 ақпан, 17:2073
Автор: Elorda Aqparat
фото  iKOMEK қалалық орталығынан фото iKOMEK қалалық орталығынан

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

iKOMEK орталығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін елордалық медициналық мекеме басшыларымен белсенді жұмыс жасауда. 2019 жылдың қазанынан бастап, бас дәрігерлер «iKOMEK109» мобильді қосымшасына қосылды және азаматтардың өтініштеріне өз беттерімен мониторинг жүргізеді. Бүгінгі таңда шағымға және жағдаятқа ден қою уақытының айтарлықтай қысқарғаны байқалады.

«iKOMEK  орталығының басшысы Жаннат Дүбірова әкімдіктің 1-0-9 қысқа нөмірлі Бірыңғай байланыс орталығының қалай құрылғанын айтып берді, сондай-ақ BIG DATA қағидасымен жұмыс жасайтын талдау платформасы, қаланы басқару панелі, қаладағы жағдаятқа мониторинг жасайтын мобильді қосымша, GPS-мониторинг жүйесі, әкімдіктің тиімділік көрсеткіштерінің үлгісі (KPIs) және әкімдік басшылары: әкім орынбасарларының, аудан әкімдерінің және басқарма басшыларының рейтингісі сияқты цифрлық бастамалармен бөлісті» деп көрсетілген орталықтың хабарламасында.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысымен танысты және орталық жүргізетін жұмысқа жоғары баға берді. Кездесу барысында Министр iKOMEK орталығын денсаулық сақтау саласының 1406 бірыңғай байланыс орталығымен біріктіруді, сондай-ақ медициналық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру үшін елорда тұрғындарының денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштерін талдауды Министрлікке беруді тапсырды.




Наверх