Кездесу барысында Ж.Әубәкірова Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
"Сіз – өнерде толағай табысқа қол жеткізген елімізге танымал тұлғасыз. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.