Билiк және саясат

Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

25 желтоқсан, 18:49139
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметінше, Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған. 

Сонымен қатар Е.Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді. 




Наверх