Астанаға 20 жыл, Экономика

ЕЛБАСЫ: Астана халықаралық қаржы орталығы - Қазақстан тарихының жаңа парағы

05 шiлде, 12:33826

Бүгін Конгесс холл орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтап, қаржы орталығының биржасын іске қосты, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі.

«Бұл күндері әсем Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын өткізгелі отырмыз. Тарих үшін қас қағым 20 жылдың ішінде даланың дәл ортасында тұрған шағын қала бүгін миллионннан астам халқы бар мегаполиске айналды. Астана Тәуелсіздіктің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы болып келеді. Астана еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы. Халықаралық қаржы орталығының ашылуы соның көрінісі», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы қаржы орталығының тұсаукесер салтанатына бүгін елуден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп отырғанын айтып, оларға алғысын білдірді. Оның ішінде Әбу Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян  мырзаға, осында отырған Татарстан Президенті Рустам Миннихановты атап өтті.

«Қазақстан тақыр жерге астана салған жалғыз мемлекет. Астана халықаралық қаржы орталығы Қазақстан тарихының жаңа парағы. Қазақстанды көркейту және еліміздің стратегиялық мақсатына жету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономиканы индустрияландыру, әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Мемлекеттің үшінші жаңғыру бастамасы цифрландыру бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізгі реформалар мен өзгерістердің маңызды буыны болып саналады. Оның қызметіне сәттілік тілеймін. Бас  қаламыздың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Баршаларыңызға зор денсаулық, табыс тілеймін!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх