Қоғам

Е.Біртанов дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетіп отырғаны үшін Президентке алғыс білдірді

30 наурыз, 19:49108
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге үстемақы ретінде бюджеттен 34 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Президент тарапынан алдағы үш ай бойы медициналық қызметкерлерді қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен 34 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл аса жұқпалы ауру болғаннан кейін әлемде дәрігерлер де ауырып жатқанын көріп отырмыз. Біз де осы мәселені қарастырып отырып, медициналық қызметкер ауырып қалса, оларға арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал өте күрделі жағдай және қайтыс болған жағдайда 10 млн теңге бөлінетін болады», - дейді ведомство басшысы.

Ол сөз арасында Мемлекет басшысы тарапынан дәрігерлерге үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын ерекше атап өтті.

«Бұл шаралар өте маңызды. Қазір дәрігерлеріміз күндіз-түні үйлеріне бармай, сол инфекциялық-провизорлық және карантиндік стационарларда жұмыс істеп жатыр. Санитарлық дәрігерлер қаңтардан бастап, әуежайларда түрлі-түрлі өте маңызды санитарлық жұмыс істеп, әлі де жалғастырып жүр. Сонымен бұл – Мемлекет басшысынан бұл өте үлкен қолдау. Мен өз тарапымнан Президентке рахметімді айтқым келеді», - дейді Елжан Біртанов.




Наверх