Экономика

Қазақстан қор биржасында доллар құны 393,5 теңгені құрады

10 наурыз, 12:10184
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар құны 393,5 теңгені құрап отыр. Осылайша АҚШ доллары 6 наурыздан бері 11,28 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Дегенмен, сұраныс 393,070 теңге, ал ұсыныс 395,090 теңге деңгейінде болды. Сауда ауқымы 386,025 – 396,080 теңгені құрады.

Доллар құнының қымбаттауына мұнай бағасының арзандауы себеп болып отыр. 9 наурыз күні еліміздегі ақша айырбастау орындарында 1 доллардың құны 400 теңгеге дейін көтерілді. Бұл ОПЕК+ келісімі бұзылғаннан кейін болды, Brent маркалы мұнайдың құны бірінші жұмыс күні барреліне 31,43 долларға дейін шамамен үштен бірге құлады.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин сыртқы экономикалық конъюнктурада теріс динамика байқалып отырғанын қозғай отырып, халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биыл әлемдік экономиканың өсу болжамдарының төмендеуі туралы хабарлағанын мәлім етті.




Наверх