Экономика

Доллар бағасы 440 теңгеге дейін көтерілді

16 наурыз, 11:4655
Автор: Elorda Aqparat

Еліміздегі ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының бағасы 440 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00 жағдай бойынша USDKZT_TOM құралы бойынша мәмілелер жасалмағаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық сағат 10:15-те штаттық режимде ашылды», - деп хабарлады KASE.

Көптеген айырбастау пункттері АҚШ долларын сатуды тоқтатты, ал басқалардың таблосына доллар бағасы 440 теңгеге дейін өсті.

Brent 32,8 мұнайының таңертеңгі бағасы барреліне 32,8 доллар деңгейінде белгіленді.

16 наурызда ҚР Ұлттық Банкі курстың ауытқуларын түзету құқығын сақтап қалатынын мәлімдеді. Әлемдік экономикадағы жағдай нашарлаған жағдайда бағаның тұрақтылығын, елдің валюта нарығы мен қаржы нарығындағы жағдайды қолдау үшін қосымша шаралар қабылдануы әбден мүмкін, деп хабарлады қаржы реттеушісі.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх