Қоғам

Дезинфекцияның тұрғындар денсаулығына зияны жоқ па – әкім жауабы 

31 наурыз, 11:59216
Фото қалалық әкімдіктен алынды Фото қалалық әкімдіктен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дезинфекцияның тәулік бойы жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Дезинфекцияның құрамы зерттелген. Егер оның зияндылығы жоғары болса, әрине, пайдалануға тыйым салынар еді. Алайда оны шашып жатқан уақытта жақындауға болмайды. Белгілі бір уақыт ішінде хлор сіңуі қажет. Сондықтан кіреберістерге дезинфекция жүргізген уақытта тұрғындарға үйден шықпауға талап қойылады. Сол үшін тұрғын үйлерге дезинфекция кешкі сағат 20.00-ден бастап жасалады. Бұл уақытта азаматтар жұмыстан келіп үлгереді. Одан кейін жұмыс аяқталғаннан кейін ғана шығуға болады. Жалпы, мұндай жұмыстар тәулік бойы жүргізіле береді», – деді Алтай Көлгінов.




Наверх