Билiк және саясат

Дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек – Мемлекет басшысы

16 наурыз, 14:31144
Автор: Elorda Aqparat
фото zakon.kz сайтынан фото zakon.kz сайтынан

Бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жасаған Мемлекет басшысы енгізілген шектеулерге жауапкершілікпен қарап, тәртіке бағыну қажеттігін ескертті, деп хабаралйды Елорда Инфо.

«Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек», деді Президент.

Сонмыен қатар Мемлекет басшысы дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажеттігін еске салды.

«Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды», деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Қымбат Елтайқызы 




Наверх