Қоғам

Дәурен Абаев көшеде жүру талаптарын түсіндірді

27 наурыз, 16:23216
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев көшеде жүру талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметкерлеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Бүгін түнгі он екіден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады. Сонымен бірге, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқандарыңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болған жөн», - деді Абаев арнайы брифингте.

Министрдің айтуынша, полиция дүкенге шыққан тұрғындарды да бақылауы мүмкін.

Атап өтсек, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх