Мәдениет

«Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!». Әншіні әуежайда қазақ тілінде қарсы алды

11 наурыз, 09:4781
Автор: Elorda Aqparat

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспечері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды, деп жазады Елорда Инфо dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

«Бұл сәтте аэропорт сүйікті әртісімен кездесуді асыға күткен жанкүйерлердің қуанышымен думанға бөленді. Осылайша украиналық тыңдармандардың қошеметі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің назары бірден «Дайдидау» әні сегіз жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакатқа ауды. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен», – деп жазады dimashnews.com.

Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. Олар әншіге өте символикалық сыйлық – гетман күшінің нышаны болып саналатын зерлі мата сыйлады.

– Сіздің әніңіз бен дауысыңыз біздің жүрегімізді, санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің өнеріңіздің біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын, – деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.




Наверх