Өңірлер жаңалығы

Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді

22 қаңтар, 19:1972
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады.

Қансонар – қазақ халқы үшін бұрыннан келе жатқан аңшылық дәстүр.

Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Бұл турнир 2018 жылдан бері «Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын. 

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.




Наверх