Қоғам

Бүгін түнде елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды 

26 наурыз, 09:3140
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін түнде елордадан 38 мың текше  метр қар шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«25-26.03. қараған түні тазалау жұмыстарына 545 техника бірлігі мен  57 жол жұмысшылары жұмылдырылды, 38016 текше  метр қар шығарылды (3168 рейс)», - делінген хабарламада.

26.03. қар мен қоқысты тазалау  жұмыстарына 858 техника бірлігі мен  1291 жол жұмысшылары тартылды.

Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 6466180 текше метр қар шығарылды (536637 рейс).




Наверх