Қоғам

Бүгін елордадан 29,3 текше метр қар шығарылды

21 қаңтар, 20:2057
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda Aqparat мұрағатынан Фото Elorda Aqparat мұрағатынан

Бүгін елордалық коммуналдық қызметтің түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмыстарына 1 157 техника бірлігі мен 203 жол жұмысшылары жұмылдырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо

Ал күндізгі ауысымда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 146 техника бірлігі мен 1 689 жол жұмысшылары жұмылдырылып, полигонға 29 268 текше метр (2 439 рейс) қар шығарылған болатын.

Жалпы, осы уақытқа дейін шығарылған қар көлемі 2 102 275 текше метрді (175 190 рейс) құрайды. 




Наверх