Қоғам

Бүгін астанадан 36 280 текше метр қар шығарылды

29 ақпан, 20:51188
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін астана көшелерін қардан тазарту жұмысына 1 486 техника бірлігі мен 1 664 жол жұмысшы жұмылдырылып, нәтижесінде 36 280 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ал 29.02.-1.03. қараған түні қар тазалау жұмысына 1 244 техника бірлігі мен 153 жол жұмысшы жұмылдырылды.

Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4 997 405 текше метр қар шығарылды (413 229 рейс).




Наверх