Қоғам

Конституциямыз әлемдегі адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін үздік конституциялардың қатарында тұр

30 тамыз, 11:21433
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Құралай Ақсейіт Қазақстанның Конституциясы әлемдегі адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін үздік конституциялардың қатарында тұрғанын айтты деп хабарлайды Елорда Инфо Астана ақшамы газетіне сілтеме жасап.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Біздің Ата Заңымыз әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады. Соған қарамастан ол өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Білікті сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін үздік конституцияның қатарында тұр.

Жалпы, конституцияның ел тарихындағы алар орны ерек. Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда өз жемісін беруде. Бұл маңызды құжат мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекітіп,  мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Халық пен мемлекеттің арасындағы берік  күшке айналды. Бір сөзбен айтқанда, Конституция мемлекетіміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді.

Еліміздің болмысы, дара сипаты дінімізден, ділімізден, тілімізден байқалады. Ата Заңымызда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі делінген. Алдағы уақытта мемлекеттік тілді қолданысқа енгізудің оңтайлы жолдары мен бағыттарын пайдалана отырып, қазақ тілінің өркендеуіне азаматтық үлес қоса беретіндеріңізге сенемін.

Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін!



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх