Қоғам

"Біз біргеміз!" қайырымдылық акциясы жалпықалалық сенбілікке ұласты

01 ақпан, 12:50656
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан "Біз біргеміз!" қайырымдылық акциясы жалпықалалық сенбілікке ұласты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бастаған, құрамында 150-ден аса адам бар үлкен топ "Үркер" тұрғын алабында болып, көмекке мұқтаж деген 15 үйдің ауласын, сонымен қатар көпшілік жүретін көше бөліктерін қардан тазартты.

Қоғамдық даму істері, Мәдениет және спорт басқармаларының қызметкерлері, еріктілер қар күреу жұмысын мерекеге айналдырып жібергендей болды. Қолына күрек ұстаған танымал әртіс Тұрсынбек Қабатов, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов, әнші Рүстем Жүгінісов және басқа да белгілі азаматтар төрт сағаттай тер төкті. 

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

"Маған мұқтаж адамдарға көмек көрсету ұнайды. "Біз біргеміз!" челленджі басталғалы бері осындай шаралардың бәріне қатысып жүрмін. Біз жұмыс істеп жүрген, суықта тоңып тұрған адамдарға ыстық шай, бәліш таратамыз. Өзіміз де жұмыс істейміз. Менің қаламда осындай мейірімділік шаралардың өтетініне қуанамын", – дейді волонтер, Политехникалық колледждің 1 курс студенті Дана Такенова. 

Ал "Үркер" тұрғын алабының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Төлеген Ескендіров қала басшылығына, шараны ұйымдастырушыларға, ерікті жастарға зор ризашылығын білдірді.  

"Өте қуаныштымын. Қаланың басшылығына үйімнің маңайындағы қарды тазалауға адамдар жібергені үшін ризашылығымды білдіремін. Менің жасым сексеннен әлдеқайда асып кеткен, бәйбішем екеуміз тұрамыз. Осы қарды қалай шығарамын деп уайымдап жүрген едім. Келген жастарға да алғысым шексіз. Бірлік бәрін жеңеді дегеніміз осы болса керек", – дейді ол.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat




Наверх