Мәдениет

Биыл республикада 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді

07 ақпан, 14:25274
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

2020 жылы Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Былтыр «Nur Otan» партиясы, Халықаралық жыршы-термешілер және айтыс ақындары одағы және «Қазақстан» телерадиокешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Тиісті өңірлермен бірлесе отырып, 2019 жылы бірқатар ақындар айтысын ұйымдастырдық. Атап айтсақ, Атырауда – Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына, Қарағандыда – Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына, Қостанайда – Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында да бірнеше айтыс өткіздік», - деді «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаменті директоры Ерлан Қарабалаев.

Оның айтуынша, биыл республика бойынша 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді.

«2020 жылы елімізде әртүрлі деңгейдегі 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді деп жоспарлануда. Оның 3-еуі – халықаралық деңгейде, 21-і республикалық деңгейде болмақ. Сондай-ақ 21-і – Абайдың 175 жылдық мерейтойына, 3-еуі – әл-Фарабидің 1150 жылдығына, 5-еуі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады», - деді Ерлан Қарабалаев.




Наверх