Қоғам

Биыл Байқоңыр ауданындағы 39 аула абаттандырылады

14 ақпан, 17:51232
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Биыл Байқоңыр ауданындағы 39 аула абаттандырылады. Бұл туралы бүгін аталған аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалалық мәслихаттың тұрақты отырыснда мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Байқоңыр ауданында 234 аула аумағы бар. 
 

«Қазір аудандағы жалпы 234 аула аумағының 39-ына биыл абаттандыру жұмысы жүргізіледі деп жоспарануда. Оған бюджеттен 319 млн теңге бөлінді. Одан бөлек, тағы 28 аула да жөндеу жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ 25 ауладағы балаларға арналған ойын-спорт алаңқайларын жөндеуге 402 млн теңге қаржы жұмсалмақ. Ал «Жастар» ықшамауданындағы 14 аула аумағын абаттандыруға 650 млн теңге бөлінді», – деді ол.


Айта кетейік, былтыр Байқоңыр ауданындағы 23 аула абаттандырылған болатын. Абаттандыру барысында 7 футбол алаңы, 2 хоккей корты, 54 спорт тренажеры және 285 шағын сәулет құрылысы салынған-ды.




Наверх