Экономика

Биыл «Астана Бизнес 2» жобасы аясында 2 мыңға жуық жоба қаржыландырылды

16 тамыз, 18:36749
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Биыл «Астана Бизнес 2» кәсіпкерлікті дамыту жергілікті бағдарлама шеңберінде 211 млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылды. Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев қалалық мәслихат отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Шағын және орта бизнес елорда экономикасының негізгі драйвері болып табылады. Оның қала экономикасындағы үлесі 55,5 пайызды құрайды. Бүгінде шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері 28 пайызға өсті. Бұл дегеніміз шамамен 5 трлн-ға жуық тауар өндіріліп, қызмет көрсетілді. Қалада экономикалық белсенді халықтың саны 531 мың адамды құрайды. Оның 363 мыңы (68%) шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Былтыр бизнестің бұл екі түрінен бюджетке түскен салықтың сумасы 604 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл қала бюджетіне түскен барлық төлемдердің 53 пайызын құрайды», -деді Е. Бекмырзаев.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, осылайша елорда мемлекеттік қызметкерлер қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналуда.

«Сол сияқты қалада кәсіпкерлікті дамытудың «Астана Бизнес 2» деп аталатын жергілікті бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бағдарлама шеңберінде 211 млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылды. Және оның аясында 1863 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде қалада 18 мың адам өз жұмыс орны сақталып, 9 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сол сияқты аталған бағдарлама өз нәтижесін беріп, бюджетке 46 млрд теңгеден астам салық төлемін түсірді», -деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх