Қоғам

Білім басқармасы ата-аналарға маңызды хабарландыру жасады

08 тамыз, 11:35155
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Cтратегия, талдау және цифрлы технология бөлімінің басшысы мектепке дейінгі ұйымдар қызметі мен балабақша жайы туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 30 қазанындағы №595 бұйрығы бойынша мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру жыл сайын 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады

Бір айтарлығы, осы уақыт аралығында жүйеге жаңа орындар енгізілмейді және жолдамалар берілмейді. Яғни, 2019 жылдың 8 тамызы мен 11 тамыз күндері хаттамалар жариялануы уақытша тоқтатылады.

Ал қазірдің өзінде жарияланған, бірақ талап етілмеген орындарды мектепке дейінгі ұйымның өзі кезектен алып тастай алады. Әсіресе, жас кезеңі өзгерген жағдайда.

«Назар аударарлығы, кейбір балабақшалар балаларды бір жас тобынан екінші топқа 1 тамыздан бастап ауыстыра бастады, сол кезде балаларды топтан-топқа уақтылы көшірмегендіктен біраз бос орын хаттамаға енгізілді. Осыған байланысты соңғы шыққан хаттамада бос орындар дұрыс жарияланбағанын ескертеміз. Ол орындар кезектен алынатын болады. Сондықтан хаттамаларда сәйкессіздіктер болатынын хабарлаймыз», – деп жазды Жазира Асанова Facebook парақшасында.

Ол сондай-ақ, орын алмасу және жаңа орындар бойынша айтып өтті.

«19 тамыздан бастап орындармен алмасу процесін іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы, яғни процедураның өзі туралы алдын ала хабарлаймыз. Ал жаңа орындар жас ерекшелігіне байланысты топтан топқа ауыстыру процесі аяқталғаннан кейін жаңа орындар жариялау бойынша жұмыс жалғасатын болады», – деп мәлім етті Жазира Асанова.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх