Мәдениет

Бибігүл Төлегенова 90 жас мерейтойын елордада атап өтті

04 желтоқсан, 00:15184
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елордада қазақтың "бұлбұл" әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 90 жас мерейтойына орай концерт өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Концертті көрерменмен бірге кешін тамашалаған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өміршең  өнер иесін айтулы мерейтойымен құттықтады. 

Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

"Бибігүл апамыз қазақ өнерінің қара нары іспеттес ұлт мәдениетінің дамуы жолында тынбай еңбек етіп келеді. Еңбек жолын ет комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастауының өзі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Есімі алыс-жақын шетелдік өнерсүйерқауым арасына кеңінен танылды. Бұлбұл үні арқылы кеңестік кезеңде өнерін мойындатып, көрермен мен тыңдарманды әуезді әнге бөледі. Киелі сахнаға сіңірген еңбегі үшін алған алғашқы ірі марапатының өзіне 60 жылға жуық уақыт өтіпті. Осы аралықта ол кісі кино әлеміне де із қалдырып, қаншама шәкірт тәрбиеледі. Әлі де бабы бен бағы қатар шауып келеді. Бұл да – тектілік пен тазалықтың белгісі", – деп жазды Алтай Көлгінов Fasebook желісінде.

Сонымен қатар елорда әкімі Төлегенова мұрасының ұрпақтан ұрпаққа мұқалмай жетеріне кәміл сенетінін білдірді.

"Опера – мәдениеттің ең биік шыңы. Қазақ операсының дамуына өлшеусіз үлес қосып, халқымыздың мәдени дамуы жолында тер төгіп келе жатқан Бибігүл Ахметқызын қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен қатар келетін туған күнімен құттықтаймын!" – деп түйіндеді ол желідегі жазбасын. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх