Қоғам

Бетперде кімдерге тегін беріледі – Алтай Көлгінов

31 наурыз, 12:11141

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфир арқылы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында медициналық бетперденің кімдерге тегін берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бетперде ең алдымен медицина қызметкерлеріне, блок бекеттерде жұмыс істейтін мамандарға, патрульдік полицейлерге және зейнеткерлерге тегін беріледі. Бүгінге дейін 330 мың бетперде тегін таратылды. Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлестіреді. Оны еріктілер үй-үйге жеткізіп беруге көмектеседі. Сондай-ақ 30 мың бетперде гипермаркеттерде тегін таратылды. Қазіргі уақытта гипермаркеттер мен супермаркеттерде келушілерге қол жуу сияқты санитарлық тазалықты сақтау талаптары қойылды. Ол үшін жағдай да жасалды. Өткен аптада елордаға миллион бетперде әкелінді. Дәріханаларда 5 бетпердеден артық сатылмайды. Сонымен қатар фабрикалар да бетперде тігуді бастады. Бүгінде қалада тапшылық жоқ», – деді Алтай Көлгінов.




Наверх