Қоғам

Байқоңыр ауданының әкімі азаматтарды бейсенбіде қабылдайды

04 қазан, 11:51149
Автор: Elorda Aqparat
Фото А.Есілов/Facebook Фото А.Есілов/Facebook

Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов азаматтарды бейсенбіде қабылдайды. Бұл туралы аудан әкімі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Азаматтарға қабылдау өткіздім. Әдеттегідей, ол әр бейсенбі сағат 15.00-де өтеді. Оннан астам азамат түрлі сұрақтар бойынша жазылды: қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысы, апатты үйлерді бұзу, су құбырын өткізу, ШОБ-қа қолдау көрсету және т.б. сұрақтар. Бірнеше сұрақтар бойынша орынға баруды осы күнге жоспарлап қойдым. Тағы бірнеше мәселені қарастыру мақсатында бөлімдерге тиісті органдарға ресми хат жолдауға тапсырма бердім. Сонымен қатар, ҚР Заңнамасына түсініктеме бердім», - деп жазды А.Есілов,

Естеріңізге сала кетейік, қабылдауға жазылу 8 (7172) 55-75-19 нөмірі бойынша жүргізіледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх