Қоғам

Бас қаладағы коммуналдық қызмет қысқа тас түйін дайын

26 қазан, 16:31155
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы коммуналдық қызметкерлермен кездесіп, олардың қысқа дайындығын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы ол Instagram желісінде жариялады.

«Бүгін қаланың төрт ауданындағы коммуналдық қызметтердің алдағы қысқа дайындығын тексеріп, қызметкерлерімен әңгімелестім. Жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника жұмылдырылады. Әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, аулаларды, тротуарларды, аялдамаларды және т.б. орындарды тазалауға ерекше назар аудару қажет. Қандай жағдай болмасын қаланың таза болуы – жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз», деп жазды қала басшысы.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх