Қоғам

Бас қалада «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» акциясы өткізілді

16 қараша, 14:01364
Фото: Сұлтан Сейіт / Elorda Aqparat Фото: Сұлтан Сейіт / Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында 16 қарашада «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» атты акция өткізілді. Аталған іс-шара елорданың жеке тұрғын үй алабында өрттің алдын алу мақсатында жүргізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жыл сайын жылыту маусымы басталысымен елорданың тұрғын секторында өрттің алдын алу бойынша үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді. Аралау барысында жеке үйлердің пештері мен мұржаларының, электр жылытқыштарының орнатылуына басты назар аударылады. Тексеру барысында ақаулар табылса, үй иелеріне оларды дер кезінде жою туралы ескерту жасалады, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылады», – Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев.

Бұл күні елорданың ТЖД басшылығы жеке құраммен және акцияға қатысушылармен нұсқаулық өткізді. Елорданың төрт ауданындағы тұрғын секторлары топтарға бөлінді: «Сарыарқа» ауданы – «Полянка» СҚ, «Алматы» ауданы – Оңтүстің Шығыстың сол жағы, «Байқоңыр» ауданы – Лесозавод, «Есіл» ауданы – Ильинка, «Пригородный» ТА, Газмашаппаратура, «Западный» СҚ. Аралау барысында «Ашық қабылдау» өткізіліп, онда тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ олардың сұрақтарына жауап берілді.

Фото: Сұлтан Сейіт / Elorda Aqparat

Айта кетейік, осы жылдың 15 тамызынан бастап бүгінге дейін департамент мамандары өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша 20 мың адам өмір сүріп жатқан 13921 үйді аралады. Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін төмендету мақсатында жыл басынан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 1 177 қондырғы, оның ішінде улы газ – 698, түтін газ – 479 орнатылды.

Аралау басталғаннан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан 959 үй қамтылды, оның барысында 2 802 мың азаматқа нұсқау берілген.

Статистикаға сүйенсек, өткен 10 айда қала бойынша 484 өрт тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға аз (2018 жылы – 509), онда 13 адам, оның ішінде 5 бала қаза болды (2018 жылы – 9 адам). Өрт салдарынан болған материалдық шығын 2 млн 85 мың теңгені (2018 ж – 345 млн астам) құрайды. Өрттен 37 адам (7,5%-ға төмендеген, 2018 жылы – 40), оның ішінде 14 бала (7%, 2018 ж – 15) жарақаттанған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде улы газбен уланудан 42 адам (+55%, 2018 ж – 27), оның ішінде 26 бала (+37%, 2018 ж – 19) жарақат алды. Тұрғын үй секторында 2019 жылдың 10 айында 225 өрт тіркелді (6%, 10 ай, 2018-241), нәтижесінде 10 адам қаза болды (+2 р, 10 ай. 2018 – 5).




Наверх