Спорт

«Барыстың» ойындары жанкүйерсіз өтеді

12 наурыз, 12:4756
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында коронавирустың алдын алуға қатысты баспасөз конференциясы өтті. Онда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі спорттық іс-шаралардың бәрі жанкүйерсіз өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Жиын барысында журналистер тарапынан «Коронавирусқа қатысты хоккей ойындары өте ме?» деген сауал түсті.

«Біздегі болатын ойындар уақытында өтеді. Бірақ жанкүйер қауым бара алмайды. Бұл біздегі практика ғана емес. Бұл халықаралық деңгейдегі тәжірибе. Қазір Еуропаның барлық дерлік елінде ірі жарыстар жанкүйерсіз өтіп жатыр. Сондықтан бұл шешімді біз де қабылдап отырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, жұқпалы індеттің алдын алу үшін мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап 5 сәуірге дейін каникулға шығатыны белгілі болды.




Наверх