Спорт

«Барыс» Гагарин кубогінің плей-офф кезеңіне қатыспайтын болды

17 наурыз, 08:42135
Автор: Elorda Aqparat

«Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогінің плей-офф кезеңіне қатыспайды. Бұл туралы сайттың ресми мәлімдемесінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында елде төтенше жағдай енгізуіне байланысты «Барыс» Қазақстан аумағында матч өткізе алмайды. 

ҚР Президентінің бұйрығына сәйкес, төтенше жағдай кезінде ел ішінде іс-шаралар өткізуге уақытша шектеу қойылды. 

Осылайша, «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогінің 2019/2020 жылғы маусымындағы плей-офф кезеңінен бас тартуға мәжбүр. 




Наверх