Қоғам

Баласын 6 жастан мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынбайды – Аймағамбетов

13 тамыз, 13:25477
Автор: Elorda Aqparat
фото zakon.kz сайтынан фото zakon.kz сайтынан

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баланы 6 жастан бастап мектепке бермегені үшін ата-анасына айыппұл да салынбайтынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Министрдің айтуынша, баласы 6 жастан бастап мектепке бармаған ата-аналарға ешқандай санкция да қолданылмайды.

«Бала 6 жастан бастап мектепке барады. Бірақ ол ата-анасының еркінде. Баланы 6 жастан мектепке бермегені үшін ата-анасына айыппұл салу бізде қарастырылмаған. Тиісінше ешкімге айыппұл салынбайды», – деді министр.  

Ол сөз арасында қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мектепке тіпті 8 жастан бастап та баратынын қозғап өтті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх