Астанаға 20 жыл

Бақ арасындағы байқаудан олжа салды

06 шiлде, 08:14997

Астананың 20 жылдығына арналған журналистер арасындағы «Ақ халатты абзал жандар» атты республикалық байқауы өтті, - деп хабарлайды Елорда инфо.

Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді, медицина қызметкерлері туралы қоғамдық жағымды пікірді әрі қарай насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарының денсаулық сақтау мекемелерімен, кәсіподақ ұйымдарымен және медицина қызметкерлерімен өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы өткізген байқауға үш аталым бойынша 67 журналист қатысты.

Олардың 10-ы жүлделі орынды қанжығаласа, 10-ы ынталандыру сыйлығын олжалады. Радио-телевизия, газет-журнал, ақпарат агенттіктерінің қызметкерлері қатысқан байқаудың қорытындысы бойынша I орын ­­­­­­­ «Огни Мангистау» басылымының журналисі Мержан Түменовке бұйырды. «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет ІІ орынды еншілесе, III орынды Қостанай облыстық «Ұзынкөл» радио-интернет порталының бас редакторы Нұрлан Қисықов иемденді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Айнұр Батталова, «Қазақ радиолары» ЖШС республикалық радиосының жетекші редакторы Мейрамгүл Нығметова сынды бірқатар БАҚ өклдері жеңіс тұғырынан көрінді. Ал «Астана ақшамы» газетінің аға тілшісі Нұрдәулет Кәкіштегі мен «Вечерняя Астана» газетінің шолушысы Айгүл Әлжаскина ынталандыру сыйлығына ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен Парламент мәжілісінің депутаттары, кәсіподақ қозғаласының ардагерлері мен кәсіподақ активі марапаттады. Салтанатты марапаттау барысында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Мереке Бутина барша қатысушыларды жүлделерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі. Шара аясында күй күмбірлеп, ән әуеледі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх