Қоғам

«Бәйтерек» монументі уақытша жұмысын тоқтатады

27 қыркүйек, 13:02508
Автор: Elorda Aqparat
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Қазанның 1-і мен 7-сі аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументі өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының сайтына сілтеме жасап.

«Еліміздің басты ескерткіштердің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, ішкі қабырғаларды сылау және ғимаратты пайдалану кезінде туындаған кейбір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, монументті қысқа және жылыту кезеңіне дайындау жұмыстары қолға алынбақ» делінген басқарманың хабарламасында.

Қаланың көрікті орны 8 қазанда келушілер үшін есігін айқара ашады. Айта кетейік, «Бәйтерек» монументі демалыссыз сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 500 теңге және ересектер үшін 700 теңге.

Бұған дейін «Бәйтерек» монументі 21-28 мамырда реставрациялық жұмыстар жүргізу мақсатында жабылған болатын. Өткен төрт айда ескерткішті 300 мыңнан аса адам тамашалаған. 

Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх