Қоғам

Азық-түлікті қымбаттатқан саудагерлер жауапқа тартылады – елорда әкімі

31 наурыз, 13:38896
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанадағы азық-түлік бағасына тоқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз азық-түлік бағасын бақылаймыз. Әлеуметтік маңызды азық-түлік қымбаттамас үшін қаржы бөліп, сатып алдық. Көптеген ірі сауда орталықтарының бағасын тікелей бақылап отырмыз. Шекті бағалар белгіленген. Министрлік пен әкімдік бекіткен осы шекті бағаны көтерген кез келген базар, кез келген дүкенді жауапқа тартамыз», - деп ескертті А.Көлгінов Tengrinews.kz-тің Instagram-дағы аккаунты арқылы берген онлайн сұқбатында.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі тұмау белгілері бар адамдарға кеңес беріп, елордадағы коронавирустың таралу ошақтарын атаған болатын.

Дәрігерлерге 200 миллион теңге сыйақы бөлінгені де белгілі болған еді.


Қымбат Елтайқызы




Наверх