Қоғам

Азық-түлік қымбаттауы мүмкін бе

13 наурыз, 12:15242
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев астанадағы азық-түлік қорынан хабардар етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Аптаның басында әкімдікте оперативті түрде жиын өткіздік. Алдымызда әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Қалалық әкімдік тарапынан барлық сауда орындарымен кеңес өткізілді. Қазір қалада азық-түлік азайып қалу туралы проблема жоқ. Бүкіл сауда желілері мен қоймалар азық-түлікке толы», - деді Ерлан Бекмұрзаев.

Ол өз сөзінде сауда желілерімен келісімге келгенін, бұл баға қорын тұрақтандыруға септігін тигізетінін жеткізді.

«Магнум, Астықжан, Кеңмарт, Смолл және де қала базарларының бәрінде азық-түлік қоры жеткілікті. Қосымша тағы әкімдіктен 1 млрд теңге қайтарымды ақша айналмалы механизм ретінде берілді. Және де біздің өзге де шаруашылықтармен тікелей келісімшарт бар. Қаламыздағы барлық қоймалар, сауда орындары қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілген. Қажет болса қоймаларды көрсете аламыз. Әдетте жұрт арасында дүрбелең бастапқы үш-төрт күнде ғана болады. Одан кейін бәрі өз қалпына келеді», - дейді Ерлан Бекмұрзаев.

Сөз арасында ол бір ғана ұнның қоры кем дегенде бір жылға жететінін мәлім етті.

«Азық-түлік бағасы мен қоры бізде бақылауда тұр. Бағасы айналмалы механизм арқылы бекітілді. Жұрт арасында дүрбелең туғызып жататындар кездеседі. Ал әлеуметтік маңызды өнімдердің өсуін біз болжай алмаймыз», - дейді басқарма басшысы.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх