Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Сауда және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Ермек Серікбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бұл күндері таңертеңгі сағат 08.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жалғасатын болады. Атап айтқанда, «Хан Шатыр» СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстары, «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары өз өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңкелердің бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен болады. Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және т. б. бар. Сондай-ақ, аталған облыстар жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама берді.
Дәулет Асауов