Тұрғын үй алаптары

Елордада бір үйдің тұрғындары далаға өз орындықтарымен шығуға мәжбүр

13 тамыз, 12:39181
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында 189-шы көше тұрғындары көше бойында балаларға арналған ойын алаңдары жоқтығын, аулалардың абаттандырылмағанын, көлік қоятын жер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз тұрғын үй әлі эксплуатацияға берілмеген кезде үйге көшкен болатынбыз. Содан бері 9 жыл өтті. Әлі ойын алаңының салынуын күтудеміз. Біз тіпті сыртқа шығар кезде өз орындықтарымызды алып шығамыз, өйткені кіреберісте орындықтар жоқ. Аулаға тек күндіз шығуға тура келеді, себебі кешке қараңғы түседі, ал ауламыздың бір бөлігінде жарық аз болса, қалған бөлігінде жарық мүлдем жоқ», - деді тұрғындар.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Сонымен қатар, тұрғындар көліктердің әлі абаттандырылмаған учаскелерде тоқтайтындығына шағымданды. Үй жобасында автомобильдерді қою үшін арнайы жабдықталған алаң қарастырылмаған.

Елорда әкімі аулаларды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сарыарқа әкімдігі үйлердің аумағын абаттандыру жобасын зерттеп, ең негізгі деген жұмыстарға кірісе бастайды. Жыл соңына дейін Сарыарқа ауданында 40-тан астам ауланы жабдықтау жоспарланған.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх