Өңірлер жаңалығы

Атырау стансасында жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды

30 наурыз, 10:25230
Автор: Elorda Aqparat

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Атырауда теміржол қатынасы тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

2020 жылдың 29 наурызынан бастап №692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызының қозғалыс бағыты Доссор стансасына дейін қысқарады.

2020 жылдың 30 наурызынан бастап «Атырау-Шу» №41/42 және «Атырау-Маңғыстау» №313/314 жолаушылар пойыздарының қозғалысы, ал 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап «Атырау-Бурабай курорты» №47/48 жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады.

Бұрын Атырау станциясына дейін және одан бастап жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, қаражатын толық көлемде ала алады.

«Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгенін және осыған байланысты жолаушыларға енгізілетін шектеулерге толық түсіністікпен қарап, коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу бойынша барлық ұсыныстарды сақтауды сұраймыз», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.




Наверх