Өңірлер жаңалығы

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

29 қаңтар, 13:25405
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған», - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.




Наверх