Қоғам

Астаналық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды онлайн қабылдауға көшті

19 наурыз, 21:58193
Автор: Elorda Aqparat

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды онлайн қабылдауға көшті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Департамент басшылығы азаматтардың өтініштерін онлайн режимде заманауи Facebook, Instagram желілері арқылы қабылдайды.

Сонымен қатар, 8 (7172) 72 66 42, 72 66 44, astana@nab.gov.kz электрондық поштасы және         8 775 160 5532 WhatsApp нөмірі арқылы кеңсеге жүгінуге болады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 1424 Call-орталығына тәулік бойына хабарласуға болатынын ескертеміз.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх