Қоғам

Астаналық шала туған нәрестелердің суреті көрмеге қойылды

18 қараша, 10:5762
Фото: Салауат Нұрғожаев Фото: Салауат Нұрғожаев

Халықаралық шала туған нәрестелер күніне арналған көрмеге сәбилердің суреттері қойылған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«16 қараша күні «MEGA Silk Way» сауда орталығында шала туған сәбилерге арналған (World Prematurity Day) көрме ашылды. Көрмеде суреттер арқылы неонатологтар мен медбикелер және «28 петель» клубы қоғамдық қоры қатысушыларының жұмыстары баяндалады. Сондай-ақ, онда салмағы 500 граммнан басталатын шала туған нәрестелердің суреттері қойылған», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрілігі.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстанда халықаралық шала туған нәресте күні 2013 жылдан бастап атап өтіледі.

 

«Біздің еліміз шала туған нәрестелердің шетінеп кетуін азайтуды мақсат етеді. Осы жылдың 10 айында елімізде 337 мың сәби дүниеге келсе, оның 1428-нің денесі алмағайып массада туған. Соңғы 10 жылда шала туған сәбилер өлімі 2 есеге қысқарды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова.

Көрме «Ана мен бала» ұлттық орталығы, Қазақстан наонатологтар конгресі, Penal Reform International, «28 петель» Клубы қоғамдық қоры, «Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық мектебі», Назарбаев зияткерлік мектебі және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Көрме 23 қарашаға дейін жұмыс істейді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх